Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.

 

 

 

 

 

 

ШЕШІМ ЖОБА

 

 

 

Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы.

 

 

        «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі «Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы» №181  бұйрығына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1.   Үржар ауданы бойынша шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) үшін аудандағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйдерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әр тәулік үшін алынатын туристік жарнаның белгіленген мөлшерлемесі – 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бекітілсін.

          Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

          бес пайызға дейін – 0,2 АЕК мөлшерінде;

бестен он  пайызға дейін – 0,3 АЕК мөлшерінде;

оннан он бес пайызға дейін – 0,4 АЕК мөлшерінде;

он бес  пайыздан және одан жоғары – 0,5 АЕК мөлшерінде;

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                    

 

 

Лауазымы

  

                Аты-жөні

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
14 сентября 2023