Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қазандағы № 9-133/VII «Үржар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

ЖОБА

Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2021 жылғы 18 қазандағы № 9-133/VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24977 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасының 2 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) «Абай облысы Үржар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
18 августа 2023