Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Үржар ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Абай облысының, Үржар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.