О внесении предложения в маслихат области Абай и акимат области Абай об изменении границ Урджарского района области Абай

Жоба

 

 

 

 

Абай облысының мәслихатына және Абай облысының әкімдігіне Абай облысының Үржар ауданының шекарасын өзгерту туралы

 ұсыныс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабының 4), 7) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31-баптарына сәйкес және Үржар ауданы тұрғындарының пікірін ескере отырып,                     Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Жалпы ауданы 14 275,30 ш.к. Үржар ауылы орталық болып келетін, Ақжар, Амангельды, Қарамойыл, Көлденең, Алтыншоқы, Айтбай, Лайбұлақ, Текебұлақ, Бестерек, Ер-Қабанбай, Қазымбет, Жаңа-Тілек, Тасарық, Елтай, Егінсу, Жанай, Жоғарғы Егінсу, Қызылту, Бургон, Барқытбел, Батпақты, Некрасовка, Благодатная, Науалы, Малақ, Сегізбай, Қарабұйрат, Таскескен, Үшбұлақ, Қарақол, Ферма 1 Абай, Сағат, Көкөзек, Шолпан және жалпы ауданы 9 138,42 ш.к. Мақаншы ауылы орталық болып келетін, Ақшоқы, Подгорное, Бақты, Қарабұта, Қабанбай, Қарабұлақ, Барлықарасан, Көктерек, Қайынды, Қызылбұлақ, Қаратал, Бекет, Бұғыбай, Көктал, Келдімұрат, Қызылжұлдыз, Қаратұма Абай облысының мәслихатына және Абай облысының әкімдігіне Абай облысының Үржар ауданының шекарасын өзгерту туралы ұсыныс енгізілсін.
  2. Осы бірлесіп жасаған мәслихат шешімі мен әкімдік қаулысы қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Үржар аудандық

мәслихат төрағасы                                                                                   А.Омаров                

                                             

 

Үржар ауданы әкімінің м.а.                                                            А.Башимбаев

Дата публикации
14 августа 2023