Мемлекет мұқтажы үшін жер
телімдерін мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының, 1 тармағының, 10) ,12-3) тармақшаларын, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 81-бабының 2-тармағының 2) тармақшасын, 84-бабының 2-тармағының 4) тармақшасын, 85-бабын, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 6 тарауын, Азаматтық авиация әуеайлақтарының пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы № 381 бұйрығы және «AerAnT» ЖШС-нің 12.05.2022 жылғы № 33 хатын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2005 жылы 5 желтоқсанда «Баймырза» шаруа қожалығының басшысы Сандыбаев Марат Нурланбековичке жеке меншік жер пайдалану құқығымен берілген, Үржар ауданы, Үржар ауылынан солтүстікке қарай 0,2 км орналасқан, кадастрлық нөмірі 23-248-023-936, ауданы 19,8551 га, нысаналы мақсаты шаруа қожалығын жүргізу үшін берілген жер телімінен 19,8551 га мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, көрсетілген жер телімдерінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні 2023 жылғы 22 шілде.
Келісу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жер пайдаланушының жүгінетін орны болып Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 122 мекен-жайында орналасқан «Үржар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жер пайдаланушыға жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылатыны туралы жазбаша хабарлама жіберілсін;
2) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310 Заңымен белгіленген тәртіпте оны мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілсін;
3) Осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдансын.
Аудан әкімі Н.Токсеитов