ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 28 мамырда Үржар ауданы Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                           14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,                           113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Жаңа Тілек  сайлау округі

       Жаңа Тілек  ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Жаңа Тілек  ауылдық округінің әкімі болып Сетербаев Абылай Тангытович сайланды, 1980 жылы туған, ЖШС «Терминал Инвест», директор, Талдықорған қаласының тұрғыны,  Жетісу облысы , «AMANAT» партиясы ұсынған.

        

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының  45-бабына сәйкес 2023 жылғы 29 мамырдағы шешімімен 2023 жылғы 28 мамырда сайланған Үржар ауданы Жаңа Тілек ауылдық округінің әкімін тіркеді.

                                             Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
29 мая 2023