1.05.2023 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 2 599 988,6 мың теңге болса кассалық орындалуы 2 789 750,6 мың теңге, немесе 107,3 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 450 065,6 мың теңге болса, кассалық орындалуы 556 577,4 мың теңге, немесе 123,7 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 825 185,0 мың теңге, орындалуы 1 014 948,4 мың теңге, немесе 189 763,4 мың теңгеге артық орындалып , 123,0 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 91 839,0 мың теңге болса, кассалық 167 115,2 мың теңге, немесе 182,0 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 2 638 258,2 мың теңге игерілген қаржы 2 637 326,6 мың теңгені немесе 100 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 450 065,6 мың теңге болса, кассалық орындалуы 449 364,5 мың теңге, немесе 99,8%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 0,0 мың теңге болса, игерілгені 0,0 мың теңге немесе 0 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 891 060,0 мың теңге болса, игерілгені 891 036,1 мың теңге немесе 100 пайызды құраса , ЖБ жоспары 1 406 080,6 мың теңге болса, касса 1 405 173,1 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,9 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 931,4 мың теңгені құрады.