Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабын басшылыққа ала отырыпҮржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 сәуірдегі№ 24-249/V «Үржар ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу. Тізілімінде 20.05.2014 жылғы № 3353 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы