ЖОБА
Үржар аудандық маслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 22-394/VII «Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің 2023-2025
жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2023 жылғы __ наурыздағы №__-___/VII «2023 - 2025 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 22-359/VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде __ нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған Үржар ауданы Үржар ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер –157 822,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 123 166,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 34 656,0 мың теңге;
2)шығындар – 157 822,2 мың теңге;
3)таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;
4)қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5)бюджет тапшылығы (профициті) – -0,2 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
0,2 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0,2 мың теңге;
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2.Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы Қ.Қарашев