Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

 

Жоба

 

 

Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне

жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық

сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру,

мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен

саласындағы мамандарға, ауылдық округтер

әкімдері аппараттарының мемлекеттік

қызметшілеріне 2023 жылға әлеуметтік қолдау

шараларын ұсыну туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Заңының 18 бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағынаҚазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну  қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін -  бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Сессия төрағасы                                                    

 

    Үржар  аудандық

   мәслихатының хатшысы                                                                К.Карашев

        

 

Дата публикации
16 марта 2023