Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Абай облысы Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Үржар ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулы оның ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы Үржар ауданы әкімінің орынбасары Біржан Кадирович Турлыбековке жүктелсін.

          4.аОсы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар ауданының әкімі

 

                Н.Токсеитов

Дата публикации
03 марта 2023