1.02.2023 ж. Кіріс бөлігі есепті кезеңге жоспар 265 991,0 мың теңге болса кассалық орындалуы 338 404,5 мың теңге, немесе 127,2 пайызға орындалып отыр. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 79 026,0 мың теңге болса, кассалық орындалуы 73 341,0 мың теңге, немесе 92,8 % құрады.
Ішкі табыстардың нақтыланған жоспары 102 862,0 мың теңге, орындалуы 175 275,5 мың теңге, немесе 72 413,5 мың теңгеге артық орындалып, 170,4 % құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 14 369,0 мың теңге болса, кассалық 8 684,0 мың теңге, немесе 60,4 % құрады.
Шығындар бойынша жоспар 265 991,0 мың теңге игерілген қаржы 264 565,6 мың теңгені немесе 99,5 пайызды құрады. Оның ішінде: 4 деңгейлі ауылдық бюджеттін жоспары 79 026,0 мың теңге болса, кассалық орындалуы 78 066,2 мың теңге, немесе 98,8%. РБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 0,0 мың теңге болса, игерілгені 0,0 мың теңге немесе 0 пайызды құраса, ОБ бөлінген нысаналы трансферттердің жоспары 6 317,0 мың теңге болса, игерілгені 6 317,0 мың теңге немесе 100 пайызды құраса ЖБ жоспары 195 018,0 мың теңге болса, касса 193 591,6 мың теңгені құрады, игеру пайызы 99,3 %.
Бюджеттік әкімгерлердің есеп шоттарында игерілмей қалған қаржы 1 426,4 мың теңгені құрады.