ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 12 ақпанда Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі әкімін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Бестерек сайлау округі
Бестерек ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Бестерек ауылдық округінің әкімі болып Саганаев Данияр Бейсембаевич сайланды, 1987 жылы туған, Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі әкімінің аппараты, бас маманы, Бестерек ауылының тұрғыны, Бестерек ауылдық округі , «AMANAT» партиясы ұсынған.

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2023 жылғы 13 ақпандағы шешімімен 2023 жылғы 12 ақпанда сайланған Үржар ауданы Бестерек ауылдық округінің әкімін тіркеді.
Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 февраля 2023