Шектеу іс-шараларын тоқтату және Науалы ауылдық округі әкімінің 2022жылғы 21 сәуірдегі №6 «Науалы ауылдық округінің Науалы, Малақ ауылдарында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-1 бабының 8-ші тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринариалық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 30 қаңтардағы №16 ұсыныс негізінде Науалы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Абай облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы Малақ ауылдарында ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллёз індетіне сауықтыру іс-шаралар бойынша барлық жұмыстар атқарылып, ақырғы екі рет алынған қан сынамалары бруцеллез ауыруына теріс нәтиже бергені және қортынды дезифекция жасалған орыннан алынған сынама барлық теріс нәтиже көрсеткеніне байланысты қойылған шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2.Науалы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі №6 «Науалы ауылдық округінің Науалы, Малақ ауылдарында ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Науалы ауылдық округінің әкімі Р.Искаков

Ұсыныс

Шешім

Дата публикации
03 февраля 2023