Үржар ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, 68 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
  2. Үржар аудандық мәслихатының шешімдерінің 3 қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
23 января 2023