Үржар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

ШЕШІМ ЖОБА

 

 

 

 

Үржар ауданы бойынша шетелдіктер

үшін 2023 жылға арналған туристік

жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 «Шетелдіктер үшін туристік алымдарды төлеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шетелдіктер үшін туристерді орналастыру орындарындағы туристік жарнаға 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 1 (бір) пайызы мөлшерінде бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы
Дата публикации
11 января 2023