Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
- Күші жойылды деп танылсын:
- Үржар ауданы әкімдігінің «Үржар ауданы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру туралы» 2019 жылғы 20 мамырдағы № 169 қаулысы (Әділет департаментінде 2019 жылғы 21 мамырда № 5958 болып тіркелді)
- «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Үржар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
- ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Үржар ауданының әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Аудан әкімі
|
Н.Токсеитов
|
|
Келісілді:
|
|
|
Аудандық сайлау
|
|
|
комиссиясының төрағасы
|
Қ. Баисинов
|