«Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі

     І. Кіріспе 
       1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Мемлекеттік мекеменің  қызметіне мониторинг жүргізілді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг «Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс тобымен жүргізілді. Индекс: 071700, Абай облысы Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы № 141, телефон: 8(72230)3-35-13, Е-mail: e.bolatov@akimatabai.gov.kz
  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің жүргізу кезеңі:
    2022 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығы. 

     ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім.

         Мемлекеттік мекеме қызметін жүргізуде сыбайлас жемқорлықтың туындайтын себептерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер:

         Мемлекеттік мекемеде төрт мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қызмет көрсетушінің шешіміне шағым болған жоқ. Тракторларды және өздігінен жүретін шасси мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс техникасын және механизмдерін, сондай-ақ арнайы автокөлік құралдарын басқару құқығына куәліктер беру - 114, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналардың тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік үлгі нөмірін беру - 220, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар кепілді мемлекеттік тіркеу (тіркеуден шығару) – 80, тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды  жыл сайынғы мемлекеттік техникалық тексерулерді өткізу – 557. Мекемеде  мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд орналастырылған. Сенім телефоны: 8(72230)3-35-13.

Сыни мақалалар жарияланған жоқ.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің саны - 6.

Әкімшілік  жауапкершіліктерге тартылған мемлекеттік  қызметшілер жоқ.

         III.Қорытынды: Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау  жұмыстарын жүргізу және нәтижелерін интернет ресурстарда жариялау.



 

 

Кәсіпкерлік және

ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы                                                                       Е.Болатов

        

«Абай облысы Үржар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі
Дата публикации
30 декабря 2022