Үржар ауылы 29.12.2022 жыл
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққы қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қазандағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» № 22 бұйрығына сәйкес «Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары екі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімнің қызметіне қатысты, нормативтік және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімнің ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
3) Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін ішкі талдау 29.11.2022-29.12.2022 арасында жүргізілді;
4) 2022 жылдың I, II, III, IV тоқсандығы арасында талдау жасалды
Бөлімдегі штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 4. Аудан әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметі» болуына байланысты, бөлімде конкурстық комиссия қарастырылмаған. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлім қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Мүдделердің қақтығысу мәселелері болған жоқ. Мемлекеттік қызмет стандартқа және регламентке сай жүргізіледі.
Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» және өзге НҚА. Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында сәулет, қала құрылыс және құрлыс бөлімі мен мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар жоқ.
Мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылды. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырды.
Есептік кезеңде еңбек заңнамасын бұзу фактілері жоқ. Теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Жалпы Қызметкерлер еңбек тәртібінің және ҚР мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің талаптарын толықтай сақтайды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен бағалау нәтижесі бойынша шағым жасау фактілері тіркелген жоқ.
Бөлімнің барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметке түскен барлық қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сай.
Бөлім барлық қызметтері бойынша халыққа түсінікті түрде ақпараттар мен сұрақтарына жауап береді.
«Абай облысы Үржар ауданының сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі» ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады. Мемлекеттік қызметке түскен барлық қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының талаптарына сай.
Ішкі сараптаманың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Мемлекеттік мекеме қызметін жүргізуде сыбайлас жемқорлықтың туындайтын себептерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер:
Мемлекеттік мекемеде бес мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қызмет көрсетушінің шешіміне шағым болған жоқ. «Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» - 53, «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» бойынша - 31, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» – 204, Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік нысандарына мекен-жайы анықтамасын беру – 174, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұммыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру – 94. Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша өтініштер электронды түрде ЕГОВ порталы арқылы түсіп, электронды түрде қызмет көрсетіледі. Бұл қызметтер толық автоматтандырылған және тегін көрсетіледі.
Сенім телефоны: 8 (72230) 3-35-19.
Сыни мақалалар жарияланған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар:
Қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру.
Мемлекеттік қызметтер бойынша ЕГОВ және Е-Лицензирование веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.
Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары интернет ресурсқа жариялансын.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
бөлімінің басшысы Б.Торсыкбаев