2022 жылдың 12айы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы №22 бұйрығы, «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес «Абай облысы Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округі Әкімінің аппараты» ММ-де Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
Жалпы – 4 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді.
Мүдделер қақтығысын реттеу қажеттілігі байқалмайды.
Көрсетілетін қызмет түрлері - 6.
Рұқсат беру және бақылау функциялары жоқ.
Мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік – құқықтық актілер «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасының Жер Кодексі» және «Абай облысы Үржар ауданының Салқынбел ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже.
Өтініштер бойынша «Салқынбел ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік Рәсімдік Процестік Кодексіне сәйкес жүргізіледі.
2022 жылдың 12айында :
Бұқаралық ақпарат құралдарында сыни жарияланымдар жоқ;
Мекеме тарапынан қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері – 5
Прокурорлық қадағалау актілері – жоқ;
Сот актілері – жоқ;
Қабылданған және тіркелген НҚА – 0;
Қабылданған құқықық актілер –82 ;
Көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 3
Мектеп мұғалімдері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде дөңгелек стол –1.
Мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тәртіптік жазаға тартылғандар жоқ. Еңбек заңнамасын бұзу фактілері жоқ.
Жалпы Қызметшілер тарапынан еңбек тәртібі, заң талаптарын оның ішінде этикалық нормалар сақталады. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау тоқсан сайын жүргізіледі. Бағалау нәтижесі бойынша шағым жасау фактілері тіркелген жоқ. Өз еркімен жұмыстан босаған адамдар - 0.
Ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметке толық сәйкес еместігі немесе мемлекеттік лауазымынан төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару жаза түрлері белгіленген мемелекеттік қызметшілер жоқ. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады.
Мемелекеттік қызметке түскен барлық қызметкерлер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптарына сай. Жасырын сауалнама өткізуге ешбір негіз жоқ. Ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
Қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру.
Мемлекеттік сатып алуды жүйелі, жоспарлы, сапалы өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб- порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.
Салқынбел ауылдық округінің әкімі Т.Жетписов