«Абай облысының Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама

Үржар ауылы                                                                    28 желтоқсан 2022 жыл

 

         2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген 2016 жылдың 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» сай, Абай облысының Үржар ауданы әкімі аппаратының бөлімдерінде (әрі қарай-Аппарат) сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай- СЖТТ) жүргізілді.    

         СЖТТ келесі бағыттарда жүргізілді:

  • объектінің қызметіне қатысты нормативті құқықтық актілерінде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
  • объектінің ұйымдастырушылық-басқару қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау.

СЖТТ жүргізу кезінде келесі ұсынымдар мен ережелер пайдаланылды:

2021 жылдың 7 сәуірдің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар (әрі қарай - Әдістемелік ұсынымдар).

 2016 жылдың 19 қазанының №12 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік ереже (әрі қарай – Үлгілік ереже).                                                

            Ішкі талдау жүргізу мерзімі 2022 жылдың 27 қарашадан  27 желтоқсанға дейін белгіленген.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы 2022 жылғы 29 сәуірдегі №71-НҚ-Ө Үржар ауданының әкімінің өкімімен құрылып бекітілген.

          Талдау объектінің қызметін, ұйымдастыру-басқару қызметін реттейтін ішкі құжаттарының және құқықтық актілерінің ішкі талдауымен, оның коррупциялық тәуекелдерінің болуына ішкі талдауымен 2021 жылдың 3,4 тоқсандар мен 2022 жылдың 1,2 тоқсандар қамтылған.

         «Абай облысы Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Абай облысы Үржар ауданы әкімінің  қызметінің ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету саласындағы  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ 2022 жылдың 15 қыркүйек айымен бекітілген №422 «Абай облысы Үржар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесіне сай жүзеге асырылады.

         Үржар ауданы әкім аппаратының басшысы болып 2019 жылдың 11 желтоқсандағы №175-ЖҚ өкімімен Баймурзаев Асет Асхатович тағайындалған.

Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне соңғы ішкі талдау 2021 жылы 05-21 мамырда жүргізілді. Аталған  талдаудың өткізу нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің саны 1, талдау бойынша әзірленген және орындалған ұсынымдар-1.

Үржар ауданының әкімінің аппараты өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-VI Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі; 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»; Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»; 2021 жылдың 21 қазан айымен бекітілген №491 «Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі; қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары; қызметкерлердің жеке істері; әкімнің өкімдері мен шешімдері; ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение» ақпараттық жүйелер; талдау объектіге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдары жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ұсыныстар; талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің мазмұны; сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және т. б.

         Үржар ауданы бойынша 27 ауылдық округінде, 9 дербес бөлімдерінде, 1 аудан әкімі аппартында жалпы 243 мемлекеттік қызметші қызмет атқарады, оның ішінде аудан әкім аппаратында 22 мемлекеттік қызметші жұмыс атқаруда.

Үржар ауданының әкімі аппараты 4 бөлімнен құралған, олар:

  • персоналды басқару бөлімі;
  • заңгерлік мемлекеттік-құқықтық бөлімі;
  • жалпы бөлім;
  • ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімі.

         СЖТТ жүргізу барысында Аппараттың бөлімдерінде келесі 8 сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған:

         1.Персонал басқару бағыты бойынша.

         1.1. Квалификациялық талаптардың бірдей болуы индикаторы.

         Е-4 санатының (аудан әкімі аппаратының бас маманы)  мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

      А) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

      Б) мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

       В) жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         E-R-4 (жергілікті атқарушы органдар) бас маман  санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

         А) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         Б) мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         В) жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

         E-G-3 санатының (ауылдық округітің бас маманы) мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

         А) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         Б) мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         В) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         Е-4, E-R-4, E-G-3  лауазымға  қойылатын талаптар бірдей .

         Алайда ауыл әкімі лауазымына біліктілік талаптары бойынша  ауылдық округ әкімінің бас маманы лауазымындағы  E-G-3 сәйкес келеді.

         Бұл ретте , меритократия қағидаты қамтамасыз етіледі деп айтуға болады.           Алайда, Е-4,  E-R-4 лауазымындағы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары шектеледі.

         Е-R-1 санатының аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленіп, жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

         1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес.

         1.2.Мемлекеттік қызметшілерден тәртіптік жазаны алу мерзімі Қазақстан Республикасының Президентінің 29.12.2015 жылдың №152 жарлығының «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ереженің 82 тармағына сәйкес «егер мемлекеттік әкімшілік қызметшi жаңа терiс қылық жасамаса және бұл ретте өзiн адал жұмыскер ретiнде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өткенге дейiн алынуы мүмкiн» жүзеге асырылады.

         Бұл норманың тұжырымы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 3 түрін қамтиды:

         1) персонал басқару бағыты бойынша индикатор - тым қысқа мерзімде тәртіптік жазаны алу;

            2) дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі бойынша индикатор - лауазымды тұлғаның және/немесе талдау объектісінің бірнеше шешім қабылдауды немесе шешім қабылдаудан бас тарту;

            3) лауазымды тұлғаның міндетін белгілеудің орнына құқықты белгілеу бағытында индикатор – «құқылы», «мүмкін» деген тұжырымдарды пайдалану.

         Ұсыныстар:

         Қазақстан Республикасының Агенттігінің Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Ереженің 82 тармағына мемлекеттік қызметкерлерге қатысты тәртіптік жазаны алу мерзімін нақты көрсету бойынша өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы, сонымен қатар Е-4, E-R-4, E-G-3  лауазымға  қойылатын талаптарды реттейтін заңдылықтарға әрбір категорияға сай талаптарды әзірлеп өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жіберу.

        

  1. Заңгерлік мемлекеттік-құқықтық бағыты бойынша:

         2.2. Объектінің ұйымдастыру-басқару қызметінен шығатын басқа сұрақтар бағытында индикатор бойынша:

         Өтініш қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметкерлермен жеке байланыста болуы.

            Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 73 бабына сәйкес әкімшілік орган, лауазымды адам әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті.

         Аталған Кодекстің нормасын орындаған кезде әкімшілік рәсімінің қатысушысы өз ұстанымын ауызша білдіріп, оған хаттама толтыру жолымен тыңдалу жүзеге асырылады.

         Тыңдалу рәсімі жеке қабылдау түрінде немесе байланыс құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Бірінші және екінші жағдайда да лауазымды тұлғалар мен әкімшілік рәсімінің қатысушысы өзара жеке байланыста болады.

         Көрсетілген факт тыңдау рәсімін өткізу кезіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің болуы ықтимал.

         Ұсыныс:

         Әкімшілік рәсімдегі қатысушылардың тыңдау рәсімін тыңдау хаттамасын электронды түрде толтырылған онлайн форматта өткізу сияқты Кодекске өзгерістер енгізу туралы тиісті мекемелерге ұсыныстар жіберу.

         2.2. Құқықтық кемшілік бағыты бойынша индикатор:

         Құқықтық актілерде мәселенің құқықтық реттелуінің болмауы.

         Қазақстан Республикасының Үкіметінің  02.07.2014 жылғы №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сынаптамасын белгілеу туралы» қаулыға сәйкес төтенше жағдайлар объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық түрлеріне бөлінеді. Алайда, Қазақстан Республикасының 11.04.2014 жылғы №188 «Азаматтық қорғау туралы» заңының 48 бабына сәйкес төтенше жағдайды жариялау кезінде жергілікті, өңірлік, жаһандық төтенше жағдайлардың түрлеріне қатысты құзыреттер көзделген, бірақ объектілік төтенше жағдайларды жариялаған кезде заңда құзырет көрсетілмеген.

            Ұсыныс: Тиісті өкілетті мекемеге құқықтық кемшілік туралы хат жазу.

        

         3.Жалпы бөлім қызметінің бағыты бойынша:

         3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйеде мерзімдерінің жүйелеудің болмауы индикаторы бойынша:

         Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мемлекеттік органдар өкілеті бар басқа мемлекеттік органдарға жолдаған кезде өтініштерді қарау кезінде «Е-Өтініш» ақпараттық жүйеде мерзімдері нақты анықталмағанның себебінен лауазымды тұлғаның немесе талдау объектінің заңды бұзбау және орындау мақсатында өтініш иесіне тікелей шығып, жеке байланыста болу мүмкіншілігі.

         Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 65 бабына сәйкес жолданымды қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым, келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыға бір мезгілде хабардар ете (хабарлай) отырып, уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданады.

         «Е– Өтініш» ақпараттық жүйеде өтініш қарау мерзімі бірінші мемлекеттік органға түскен уақыттан бастап өтініш қарау мерзімі санала бастайды. Кейбір жағдайларда Кодекстің 65 бабының нормасымен бірнеше мемлекеттік органдардан өтіп, нақты өтінішті қарастыру өкілеттігі бар мемлекеттік органның қарауына қарау мерзімі 10 күннен асқаннан кейін түседі.

         Осындай жағдайда бұндай өтініштерді толық қарауға мүмкіндігі жоқтығынан Кодекстің 73 бабының талаптарын орындау мүмкіншілігінен немесе өтініштің мән-жайын толық қарап өтініш иесіне толық жауап беруге мүмкіншілігінен айырылады. Бұндай жағдайдағы өтініш қарау мерзімі қарастырылмаған.

         Ұсыныс: Тиісті өкілетті мемлекеттік органға жоғарыда көрсетілген мән-жайлар бойынша өтініш қарау мерзімдерінің  анықтауға байланысты туралы хат жазу.

Аппаратта мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу келісім шарттары веб-портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Таңдалып отырған кезеңде, жүргізілген сатып алулар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.  

Тексеру барысында, Аппаратта көп жағдайда мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының 04.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабының 3 тармағының 36) тармақшасына сәйкес, бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылатынын көрсетті. Осы нормаға сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу (бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу IT-Компания Рейтинг, «ҰАТ» АҚ, «Заң» АІЖ) жүзеге асырылады.

Бұл салада сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталған жоқ.

         4.Ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметі  бойынша бағытында:

         4.1.Құықтық кемшілік бойынша индикатор:

         Лауазымды тұлғаның немесе талдау объектісінің өкілеттігін реттейтін ереженің болмауы, заңсыз пайда алу мақсатында өкілеттіктерді ерікті түрде анықтау мүмкіндігі.

            Үржар ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің ережесі 15.04.2013 жылғы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметтер туралы» заңының нормаларына сәйкес еместігі анықталды.

         14.07.2022 жылғы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыру, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңымен 15.04.2013 жылғы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, процесстерді оңтайландыру және автоматтандыру шараларын қабылдауға қатысты мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша, Қазақстан Республикасының заңдылықтарға сәйкес, өкілетті органмен ақпараттандыру саладағы жергілікті атқарушы органдардың құзыреті «мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін жүзеге асырады» (11 бабының 7 тармағы)  өзгеріс енгізілген.

            Ұсыныс:Үржар ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің ережеге 15.04.2013 жылғы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер көрсетілетін қызметтер туралы» заңының нормаларына сәйкес өзгеріс енгізу.

         Ұсыныстардың орындалуы бақылауда. Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау Үржар ауданының әкімінің сайтына орналастырылсын.

 

 

Үржар ауданының әкімі

аппаратының басшысы                                                                    А.Баймурзаев

 

 

Үржар ауданының әкімі аппаратының

Персонал басқару бөлімінің  басшысы                                             М.Бапинова

 

 

Үржар ауданының әкімі аппаратының

Заңгерлік мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің басшысының м.а.                                                    А.Құлмағамбетова

 

 

Үржар ауданының әкімі аппаратының

Жалпы бөлімінің басшысы                                                             С.Сағатбекова

 

 

Үржар ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыру, мемлекеттік көрсетілетін

қызметтерді мониторингтеу және

ақпараттық технологиялар

бөлімінің басшысы                                                                                 А.Тулендин

«Абай облысының Үржар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы аналитикалық анықтама
Дата публикации
30 декабря 2022