«Абай облысы Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Ақжар ауылы                                                                             30.12.2022 жыл

 

Қазақстан Републикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметістері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және  Үржар ауданы әкімінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі №29-нқ-ө өкімінің негізінде «Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» (әрі қарай- Әкім аппараты) мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде комиссия құрамы бекітілді.

Сейльгазин Ермек Нурланович– Ақжар ауылдық округінің әкімі, жұмыс тобының жетекшісі;

Мукушева Назым Муратовна – бас маман, жұмыс тобының мүшесі;

Латифова Айнаш Мухамеджановна  –  бас маман, жұмыс тобының мүшесі;

Абылкаиров Амангелды Турсунович - бас маман, жұмыс тобының мүшесі;

Миллер Людмила Владимировна  – бас мама, жұмыс тобының мүшесі.

        

         Сыбайлас жемқорлық тәуелдіктеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: басталды 05.01.2022 жыл аяқталды 30.12.2022 жыл.

         Бақыланатын кезең: 2022жылдың 12айы.

Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ  Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы №423 қаулысымен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

Ережеге сәйкес, әкім аппаратының міндеті – жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.

Талдау нәтижелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.

Талдау объектінің қызметін реттейтін құқықтық актілердің және ішкі құжаттардың тізбесі:

2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-VI Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;

2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;

2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2016 жылғы 06 сәуірдегі №480-V «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

1995 жылғы 28 қыркүйектегі №2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

2003 жылғы 08 ақпандағы №387 «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 4 желтоқсанда №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №486 қаулысы «Құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы»;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, еңбекақы төлеу жүйесі туралы»;

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;

Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары;

Қызметкерлердің жеке істері;

Әкімнің өкімдері мен шешімдері;

ИС ОДО, ИС ГБД ЕЛ, ИС «Е-обращение» ақпараттық жүйелер;

Талдау объектіге қатысты жеке және заңдыт ұлғалардың өтініштері;

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды адамдарың жауаптылыққатар туралы мәліметтер, оның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша ұсыныстар;

Талдау объектісі қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері, қылмыстық істердің мазмұны;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері және т. б.

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Персоналды басқару

Мүдделер қақтығысын реттеу

Мемлекеттік қызметтер көрсету

Мемлекеттік сатып алу.

Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

 

Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Персоналды басқару:

         31.12.2022 жылғы жағдай бойынша әкім аппаратының штат саны – 9 бірлікті, 31.12.2022 жылы нақты саны –5 бірлікті құрайды. 1- уақытша бос орын бар.Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын  тұлғалар, келісім шарт негізінде жұмыс істеуші қызметкерлер – 3 бірлік. 

         1.2. Лауазымға іріктеу және  тағайындау тәртібі мәселелерінің  реттелмеуі.

         Конкурстық рәсімдер 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бектіліген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Үржар ауданы әкімінің персоналды басқару қызметі бөлімімен жүргізіледі.

Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама «Е-қызмет» жүйесінде, ИРРИГО және Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады.

         Нақты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық өткізілетін конкурсатарға жұртшылық өкілдерінен байқаушылар қатысады.

         2022 жылдың 12 айында  конкурстық іріктеуді жүргізбей лауазымға тағайындалғандар болған жоқ, конкурстық іріктеуді формальды түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы тіркелген жоқ.

 

         1.3. Қызметкерлерді ынталандыру және ынталандыруды арттыру.

 

Әкім аппараты қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №1193 қаулысы негізінде есептеледі. 2021 жылғы 30 маусымнан бастап «Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» ҚБПҮ№451 қаулысының  негізінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа схемасы белгіленді.

 Орындалатын жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруға қызметкерлердің мүдделілігін күшейту мақсатында Әкім аппараты қызметкерлеріне мемлекеттік мерекелер қарсанында силықақы беру «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне силықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемақылар бекіту туралы» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатаң түрде тәртіптік жазасы бола тұра  силықақы, үстемақылар беру анықталған жоқ.

 2022 жылдың 12 айында қысқа мерзімде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері анықталған жоқ.

 

1.4 Мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен  шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасауы.

2022 жылдың 12 айында  әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттелмеуі.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Републикасы Заңының 14-бабының 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде әкім аппаратында жақын туыстарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактісі анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес Әкім аппатаратымен 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - қызмет көрсетілмеді;

сауда-саттық (конкурсарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу - қызмет көрсетілмеді;

жер учаскесін алу үшін кезекке қою - қызмет көрсетілмеді;

елді мекендер шегінде объект салу үшін жер учаскелерін беру - қызмет көрсетілмеді;

жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - қызмет көрсетілмеді.

Ақжар ауылдық округі әкімінің аппаратына мемлекеттік қызмет көрсету саласында шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде бас тартулар жасалмады.

Сонымен қатар, мекемеде  мемлекеттік қызметтердің қолданыстағы стандарттары орналастырылған ақпараттық стенд орналасқан. Қолданыстағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бар Стенд халық үшін жалпыға қолжетімді жерде орналасқан. Халық үшін "е-gov" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

 

         3.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері.

 

         31.12.2022 жылға дейін әкім аппаратына келіп түскен жеке тұлған 1 өтініштер түсті, заңды тұлғадан өтініш түскен жоқ. Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны 104 оның ішінде шешімдер – 19; негізгі қызмет бойынша өкімдер – 59; кадр мәселесі бойынша өкімдер– 4; жеке құрам бойынша өкімдер – 6; келісім шарт  қызметкерлері бойынша өкімдер – 13; 

         Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.

Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.

 

 

Мемлекеттік сатып алу.

4.1 Мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысының орын алуы

2022 жылдың 12 айында  мемлекеттік сатып алу порталында бір көзден сатып алу жалпы сомасы 14 170 теңгеге 46 шарт жасалды.

Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434 Заңының 37- бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.

Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі.  Мемлекеттік сатып алу шарттары Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылады. Талданып отырған кезеңде жүргізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы»  ҚР Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.

Тексеру Әкім аппаратында Мемлекеттік сатып алу көп жағдайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы №434 Заңының 39- бабы 3- тармағының 36-тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылғанын көрсетті. Сондықтан мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

 

4.2. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бағыты бойынша.

2022 жылға бекітілген бюджет 41230,2 теңге және 12 айда толығымен игерілді.

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарын тексеру кезінде  бұзушылықтарды анықтау фактілерінің болуы анықталған жоқ.

 

Басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жатады.

 

Әкім аппаратының қызметкерлері қатарынан мемлекеттік

қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданып, олардың жеке істерінде тігілген. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18  қарашадағы Қазақстан Републикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.

 

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:

 

- қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру;

- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүйелі, жоспарлы, сапалы жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.

Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары  интернет ресурсқа жариялансын.

 

 

 

Ақжар ауылдық

округінің әкімі                                                                              Е.Сейльгазин

«Абай облысы Үржар ауданының Ақжар ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
30 декабря 2022