Қаратал ауылы, 2022 жылдың 12 айы
Қазақстан Републикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес және Үржар ауданы әкімінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 71-нқ-ө өкімінің негізінде «Үржар ауданының Қаратал ауылдық округі Әкімінің аппараты» (әрі қарай- Әкім аппараты) мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Ішкі талдаумен 2022 жылғы 01 қаңтары мен 2022 жылдың 23 желтоқсанына дейінгі жұмыс кезеңі қамтылған.
2022 жылғы 29 сәуірдегі № 71-нқ-ө «2022 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде комиссия құру туралы» өкімінің негізінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөнінде комиссия құрамы бекітілген.
Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау 2022 жылдың 01 қаңтарынан 2022 жылдың 23 желтоқсанына дейінгі аралықтарды қамтиды.
Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ Үржар ауданы әкімдігінің 15.09.2022 жылғы № 423 қаулысымен бекітілген «Абай облысы Үржар ауданының Қаратал ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
Ережеге сәйкес, әкім аппаратының міндеті – жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету болып табылады.
Талдау нәтижелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталған жоқ.
Талдау объектінің қызметін реттейтін құқықтық актілердің және ішкі құжаттардың тізбесі:
Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
2022 жылғы жағдай бойынша әкім аппаратының штат саны - 7 бірлікті, нақты саны -7 бірлікті құрайды. 2022 жылы жұмыстан босатылған, жұмысқа қабылданған мемлекеттік қызметшілер жоқ. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын келісім шарт негізінде жұмыс жасайтын қызметкерлер – 3 бірлік. 2022 жылы 1 азаматтық қызметкер келісімшар негізінде жұмысқа қабылданып, 1 азаматтық қызметкермен келісім шарт тоқтатылып жұмыстан босатылды
01.01.2022 жылғы жағдай бойынша әкім аппаратының штат саны – 7 бірлікті, 23.12.2022 жылы нақты саны – 7 бірлікті құрайды. Бос орындар жоқ. Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын тұлғалар – 3 бірлік. 2022 жыл басынан 1 техникалық қызметкер келісім шарт негізінде жұмысқа қабылданып, 1 техникалық қызметкер зейнеткерлікке шығуына байланысты келісім шарты тоқтатылып жұмыстан босатылды.
Конкурстық рәсімдер 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес Үржар ауданы әкімінің персоналды басқару қызметі бөлімімен жүргізіледі.
Бос жұмыс орындарына конкурс өткізу туралы хабарлама «Е-қызмет» жүйесінде, ИРРИГО және Үржар ауданы әкімінің ресми сайтында орналастырылады.
Нақты рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық өткізілетін конкурстарға жұртшылық өкілдерінен байқаушылар қатысады.
2022 жылдың 12 айында конкурстық іріктеуді жүргізбей лауазымға тағайындалғандар болған жоқ, конкурстық іріктеуді формальды түрде өткізу, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін адамдарды жұмысқа қабылдау, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерінің болмауы тіркелген жоқ.
Әкім аппараты қызметкерлеріне жалақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы № 1193 қаулысы негізінде есептеледі. 2021 жылғы 30 маусымнан бастап «Саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» ҚБПҮ № 451 қаулысының негізінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа схемасы белгіленді.
Орындалатын жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттыруға қызметкерлердің мүдделілігін күшейту мақсатында Әкім аппараты қызметкерлеріне мемлекеттік мерекелер қарсанында сыйлықақы беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы «Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақысына үстемақылар белгілеу ережесін бекіту туралы» № 1127 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Қатаң түрде тәртіптік жазасы бола тұра сыйлықақы, үстемақылар беру анықталған жоқ.
2022 жылдың 12 айында қысқа мерзімде тәртіптік жазаларды алып тастау фактілері анықталған жоқ.
2022 жылдың 12 айында әкім аппаратында мемлекеттік қызметшілердің қызметте болуына байланысты еңбек тәртібі мен шектеулер саласында құқық бұзушылықтар жасағаны анықталған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Републикасы Заңының 14-бабының 1 тармағына сәйкес жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын қоспағанда) және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың сайланбалы органдарына мүшелікке кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар өздерiнiң жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымдарға тiкелей бағынысты болатын лауазымдарды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде әкім аппаратында жақын туыстарының бірлескен қызмет (жұмыс) фактісі анықталған жоқ.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру жөнінде 6 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Барлық көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі тегін көрсетіледі.
2022 жылы әкім аппаратына келіп түскен өтініштер – 1. Әкімнің жеке қабылдауына 6 адам тіркелді.
Қабылданған нормативтік актілер жалпы саны - 93 оның ішінде шешімдер – 32; негізгі қызмет бойынша өкімдер –46 ; кадр мәселесі бойынша өкімдер – 7; жеке құрам бойынша өкімдер – 3; техникалық қызметкерлер бойынша өкімдер – 5.
Әкім аппаратының рұқсат беру функциялары жоқ, бақылау функциялары қарастырылмаған.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нақты процестерінің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі, оның ішінде қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу, құқықтық актілерде көзделмеген құжаттарды талап етудің жүйелі фактілері, қызметтер көрсету рәсімдері тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.
Әкім аппаратында 2022 жылы мемлекеттік сатып алу порталында жалпы сомасы 5 849 100 теңгеге 47 шарт жасалды, оның ішінде баға ұсыныстарын сұрату жолымен 170 400 теңге сомасына 3 шарт және бір көзден 5 678700 теңгеге 44 шарт жасалды.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы № 434 Заңының 37- бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асырылды.
Әкім аппаратында мемлекеттік сатып алу бекітілген жоспарға сәйкес веб-портал арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік сатып алу шарттары Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Талданып отырған кезеңде жүргізілген Мемлекеттік сатып алу бойынша «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының 6-бабында белгіленген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер сақталған.
Тексеру Әкім аппаратында Мемлекеттік сатып алу көп жағдайда «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 4.12.2015 жылғы № 434 Заңының 39- бабы 3- тармағының 36-тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен жүзеге асырылғанын көрсетті. Сондықтан мемлекеттік сатып алу кезінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
5.1.Әкім аппаратының қызметкерлері қатарынан мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылданып, олардың жеке істерінде тігілген. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамауы, сондай-ақ қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту фактілері анықталған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Републикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады.
Анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар:
- қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру;
- мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүйелі, жоспарлы, сапалы жүргізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.
- Мемлекеттік сатып алуды жүйелі, жоспарлы, сапалы өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.
Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары интернет ресурсқа жариялансын.
Қаратал ауылдық
округінің әкімі К.Ногаев