«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және Үржар аудандық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 23 «Үржар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Үржар аудандық сайлау комиссияларын құру туралы» қаулысына сәйкес, Үржар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар аудандық мәслихаттың депутаттарды сайлау бойынша тиісті бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінде 14 округтік сайлау комиссиялары құрылсын.
- Үржар аудандық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Үржар аудандық мәслихатына жіберілсін.
- Осы қаулы Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Уақыт тынысы-Пульс времени» газетіне орналастырылсын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық сайлау
комиссия төрағасы К.Баисинов
Үржар аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы А.Габбасова