Үржар ауданының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 9-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына, 22-бабына сәйкес және «Сайланатын мәслихатттар депутаттарының санын айқындау туралы» Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысының негізінде Үржар аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес шекараларда Үржар аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты 14 (он төрт) аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Осы қаулының көшірмесі Үржар аудандық мәслихатқа жіберілсін.
  3. Осы қаулы Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Уақыт тынысы-Пульс времени» газетінде жариялансын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

Үржар аудандық сайлау

 комиссиясының төрағасы                                                          К.Баисинов

 

 Үржар аудандық сайлау

 комиссиясының хатшысы                                                          А.Габбасова

Үржар ауданының мәслихат депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы
Дата публикации
30 декабря 2022