Аудан әкімінің тапсырмасы бойынша келесідей жұмыс тобының құрамында: жұмыс тобының жетекшісі Ж.Андасова, жұмыс тобының мүшесі С.Абдулданова бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі - 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан.
"Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау" бағыты бойынша төмендегілер зерделенді:
2020 жылғы 29 маусымдағы №350 - VI "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы", 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы", 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңдары негізінде жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешімдер қабылдауына, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік-құқықтық актілерді өз еркінше түсіндіруге әсер ететін құқықтық олқылықтар анықталмады. Дискрециялық өкілеттіктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.
"Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау" бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен аффилиирленген бөлім қызметкерлерінің болуы фактісі анықталған жоқ, бөлім қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік бөлім басшысы, 1 бірлік бас маман, 1 бірлік есепші, 1 бірлік көлік жүргізуші болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ.
Бөлім халыққа қызмет көрсетпейді. Сондықтан, сыбайлас жемқорлық деңгейі төмен деп бағаланады. Хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және жөнелту функциялары нормативтік құқықтық актілермен жеткілікті реттелген және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жасауға мүмкіндік бермейді. Мемлекеттік мекеменің жұмыстарын жүргізу бойынша құжаттарды, персоналды басқаруға қатысты құжаттарды дайындау, реттеу сонымен қатар, ОДО бағдарламасына келіп түскен құжаттарды, Е-өтініш базасына түскен өтініштерді қабылдау, тіркеу, оларға уақытында жауап беру бөлімнің бас маманы С.Абдулдановаға жүктелген.
2022 жылдың 12 айы көлемінде 4 өтініш қабылданып, олардың барлығы қанағаттандырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында кәсіби біліктілік деңгейін арттыру қажет.
Бөлім басшысы Ж.Андасова