Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары» 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-712/VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабы 5 тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары» 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-712/VI шешімінің (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қазанда № 7718 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешiм 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша 2020-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспары» 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-712/VI шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
02 декабря 2022