ЖОБА
Үржар ауданы Бестерек ауылдық
округі Бестерек ауылының
көшесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Абай облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылдың 18 қазандағы қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Бестерек ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі Бестерек ауылындағы Гагарин көшесі Жандос Жағалбаев көшесі болып қайта аталсын.
- «Абай облысы Үржар ауданы Бестерек ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
- осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бестеререк ауылдық округінің әкімі Г. Арин