Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылының көшесін қайта атау туралы

ШЕШІМ  ЖОБАСЫ

 

Үржар ауданы Мақаншы ауылдық

округі Мақаншы ауылының

көшесін қайта атау туралы

 

                Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХІІ «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Абай облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылдың 18 қазандағы қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

  1. Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылындағы Антон Чехов көшесі Кәкім Орынханов көшесі болып қайта аталсын.
  2. «Абай облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
    • осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
    • осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Абай облысы Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мақаншы ауылдық округінің әкімі                                                  С.Калиев

Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округі Мақаншы ауылының көшесін қайта атау туралы
Дата публикации
09 ноября 2022