« Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің
2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы туралы»
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Үржар ауданы Бахты ауылдық округінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті жобасы мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 49 319,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 4 621,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 44 698,0 мың теңге;
2) шығындар – 49 319,0 мың теңге;
3) бюджет (профициті) тапшылығы – -0,0 мың теңге;
4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0 мың теңге.