ХАБАРЛАМА

2022 жылғы 09 қазанда Үржар ауданы Ақжар, Егінсу және Науалы  ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.

Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Ақжар, Егінсу және Науалы  ауылдық округі әкімдерін сайлау нәтижесі туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамасы негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Ақжар сайлау округі

       Ақжар ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Ақжар ауылдық округінің әкімі болып Сейльгазин Ермек Нурланович сайланды, 1993 жылы туған, Үржар ауданы бойынша кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, Ақжар ауылының тұрғыны,  Ақжар ауылдық округі , өзін-өзі ұсынған.

        

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының  45-бабына сәйкес 2022 жылғы 10 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 09 қазанда сайланған Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Егінсу сайлау округі

       Егінсу ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Егінсу ауылдық округінің әкімі болып Сагимбаев Жандос Мухтарович сайланды, 1978 жылы туған, уақытша жұмыссыз, Егінсу ауылының тұрғыны,  Егінсу ауылдық округі , «AMANAT» саяси партиясы ұсынған

        

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының  45-бабына сәйкес 2022 жылғы 10 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 09 қазанда сайланған Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің әкімін тіркеді.

Науалы сайлау округі

       Науалы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Науалы ауылдық округінің әкімі болып Искаков Ринат Муратович сайланды, 1985 жылы туған, Үржар аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы, маман, Науалы ауылының тұрғыны,  Науалы ауылдық округі , «AMANAT» саяси партиясы ұсынған

        

Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының  45-бабына сәйкес 2022 жылғы 10 қазандағы шешімімен 2022 жылғы 09 қазанда сайланған Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің әкімін тіркеді.

ХАБАРЛАМА
Дата публикации
11 октября 2022