Үржар ауданы Үржар ауылдық
округі Үржар ауылының
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" №148 Заңының 35 бабының 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-XII "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-1 бабына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Үржар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1) Чкалов көшесі Бейбіт Төлеуғазыұлы көшесі болып қайта аталсын;
2) Челюскин көшесі Болат Қапсеметұлы көшесі болып қайта аталсын;
3) Шевченко көшесі Саметеев Қажыбек көшесі болып қайта аталсын;
4) Бұрған ауылының Орталық көшесі Ахметов Жұмағажы көшесі болып қайта аталсын.
2.«Абай облысы Үржар ауданы Үржар ауылдық округі Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте осы шешімнен туындайтын шараларды Үржар ауылдық округінің бас маманы Р.Уалитова қабылдасын.
3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4.Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауылдық округінің әкімі В.Щуцкий