Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Үржар ауданының әкімдігінің 2018 жылғы 19 шілдедегі № 393 «Үржар ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-18-161 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылдың 04қыркүйегінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.