Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы» Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасынының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының м.а. 2020 жылдың 15 мамырдағы № 155 ұсынысы негізінде Мақаншы ауылдық округінің  әкімі ШЕШТІ

Шектеу іс-шараларын тоқтату және «Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Дина» шаруа қожалғында ірі қара малдары арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын белгілеу туралы» Мақаншы ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Дата публикации
19 мая 2020