Абай облысы
Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
ҚАУЛЫСЫ №5
2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындалғанҮржар ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау туралы сайлау округтерін құру туралы
2022 ж. 12 тамыз Үржар а.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес, Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкөзек ауылдық округ әкімін сайлау үшін Көкөзек ауылдық округінің шекарасында Көкөзек сайлау округі, Қаратұма ауылдық округ әкімін сайлау үшін Қаратұма ауылдық округінің шекарасында Қаратұма сайлау округтері құрылсын.
2. Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының веб-сайтында және аудандық «Уақыт тынысы» газетінде олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып, округтердің тізімі жариялансын.
Үржар аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Баисинов