Үржар ауданының Көкөзек, Қаратұма ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын тағайындау туралы

Абай облысы

Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ №4

 

 

Үржар ауданының Көкөзек, Қаратұма ауылдық округтерінің

әкімдерін сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-1 бабына сәйкес, Үржар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Көкөзек, Қаратұма ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы 2022 жылдың 11 қыркүйегіне тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылғы 11 қыркүйекке тағайындалған Үржар ауданының Көкөзек, Қаратұма ауылдық округ әкімдерін сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Үржар аудандық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Уақыт тынысы-Пульс времени» газетінде жариялансын.
Үржар ауданының Көкөзек, Қаратұма ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
12 августа 2022