ЖОБА
Абай облысы Үржар ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16-бабы 4) тармағына сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Абай облысы Үржар ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес айқындалсын.
- Үржар ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың мөлшері әр мүгедектігі бар балаларға ай сайын оқу жылы ішінде төрт айлық есептік көрсеткіш сомада айқындалсын.
- Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 18 қазандағы «Үржар ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» № 9-133/VII шешімінің күші жойылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.