Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Үржар аудандық мәслихатының «Үржар ауданы бойынша тұратын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54-676/VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7623 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2 тармақтың 2) тармақшасының 1 абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;».
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.