Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 12-189/VII «Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің  109-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 наурыздағы №14-217/VII «2022-2024 жылдарға арналған Үржар ауданының бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы  №12-162/VІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде ______ нөмірімен тіркелген)  шешіміне сәйкес, Үржар аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №12-189/VIІ «Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«1. Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің  2022-2024  жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

          1) кірістер – 46 771,5 мың теңге, соның ішінде:

          салықтық түсімдер – 3 756,0 мың теңге;

          салықтық емес түсімдер – 0,0 мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

        трансферттер түсімі – 43 015,5 мың теңге;

          2) шығындар – 47 054,5 мың теңге; 

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;

          қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;

          мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті)  –  - 283 мың теңге;

           6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 283,0 мың теңге;

           қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

           бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 283,0 мың теңге.

Аталған шешімнің 1 қосымшасы  осы шешімнің   қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

ШЕШІМ
Дата публикации
17 июня 2022