« ШҚО Үржар ауданының Экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесі
І. Кіріспе
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні: Мемлекеттік мекеменің қызметіне мониторинг жүргізілді.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім.
Мемлекеттік мекеме қызметін жүргізуде сыбайлас жемқорлықтыңтуындайтын себептерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер:
Мемлекеттік мекемеде бір мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Қызмет көрсетушінің шешіміне шағым болған жоқ.Мекемеде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпараттық стенд орналастырылған.Сенім телефоны:8(72230)3-35-14 .
Сыни мақалалар жарияланған жоқ.
Қабылданған құқықтық актілер-26
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің саны-2.
Әкімшілік жауапкершіліктерге тартылған мемлекеттік қызметшілер саны 0.
III.Қорытынды:Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстарын жүргізу және нәтижелерін интернет ресурстарда жариялау.
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Б.Галиев
АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМА
2021 жылдыңI тоқсанқорытындысы бойынша
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 12 бұйрығына және 2020 жылғы 28 қаңтарындағы«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу қағидалары» № 22 бұйрығына сәйкес«Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары екібағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) бөлімшенің қызметіне қатысты,нормативтік және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастыру-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін анықтау;
Экономика және қаржы бөліміндегі штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің саны – 14, факты бойынша – 11 адам.Аудан әкімінің аппаратында орталықтандырылған «Персоналды басқару қызметі» болуына байланысты, бөлімде конкурстық комиссия қарастырылмаған.Қызметкерлердің біліктілігін арттыру бөлім қызметкерлерін қайта даярлау, біліктілікті арттыру жоспар-кестесіне сәйкес жүзеге асырылады. Мүдделердің қақтығысу мәселелері болған жоқ.Экономика және қаржы бөлімі» ММ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Бөлімде аталған қызмет түрін көрсету стендті бар. Мемлекеттік қызмет стандартқа және регламентке сай жүргізіледі.
Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер «Бюджеттік Кодекс»,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» және өзге НҚА.Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері бойынша өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы басқармасы мен мемлекеттік қызметшілерінің атына теріс жарияланымдар жоқ.
Мемлекеттік қызметшiлер мен олардың ерлі-зайыптыларының кiрiстер мен мүліктер туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша түсіндірмелі жұмыс ұйымдастырылып, бақылау жүзеге асырылды. Барлық қызметкерлер белгіленген мерзімде декларация тапсырды.
Есептік кезеңде еңбек заңнамасын бұзу фактілері жоқ.Теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Жалпы Қызметкерлер еңбек тәртібінің және ҚР мемлекеттік қызметкерлердің этикалық кодексінің талаптарын толықтай сақтайды. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен бағалау нәтижесі бойынша шағым жасау фактілері тіркелген жоқ.
ММ «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады.Мемлекеттік қызметке түскен барлық қызметшілер «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы»Заңының талаптарына сай.
«Үржар ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі мемлекеттік сатып алудың аудандық бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 40 сатып алуды ашық конкурс тәсілімен өткізді.
Мемлекеттік мекемелердің балансын қабылдап, аудандық бюджеттің және 4 деңгей бюджеттерінің атқарылуы туралы ай сайынғы есебі, республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерді игеру туралы және дебиторлық және кредиторлық берешек ебептерін электрондық minfin веб-порталында шоғырландырылды. Сонымен қатар, азаматтық бюджет, аудан бюджеті туралы шешім жобасы жәнеаумақты дамыту бағдарламаның іс-жоспарының орындалуы, бюджеттіигеру есебіаудандық әкімінің сайтына орналастырылады.
Ішкі сараптаманың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар:
Қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша семинар ұйымдастыру және құқықтық сауаттылықты және мәдениетті әрі қарай жетілдіру мақсатында құқықтық сабақтардың өткізілуін жалғастыру.
Мемлекеттік сатып алуды жүйелі, жоспарлы, сапалы өткізу мақсатында мемлекеттік сатып алу веб порталының үздіксіз жұмыс істеуіне бақылау жасау.
Ішкі талдау нәтижелерінің сараптамалары интернет ресурсқа жариялансын.
Экономика және қаржы
бөлімінің басшысы Б.Галиев