Хабарлама
2022 жылғы 22 мамырда Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Үржар аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Көктал сайлау округі
Көктал ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Көктал сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 442 сайлаушы енгізілді, оның 419-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 0, "барлығына қарсы" - 0.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Айкынбаев Айдын Кобенович - 26;
Жекенов Мирас Ерғалиұлы – 39;
Садвакасов Нурум Надирбаевич -354.
Көктал ауылдық округінің әкімі болып Садвакасов Нурум Надирбаевич сайланды, 1968 жылы туған, Көктал ауылдық округінің әкімі, Көктал ауылында тұрады, «АМАНАТ» саяси партиясымен ұсынылған.
Үржар аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 23 мамырдағы шешімімен Үржар ауданы Көктал ауылдық округі әкімі болып, 2022 жылғы 22 мамырда сайланған Садвакасов Нурум Надирбаевич тіркелді.