Барқытбел ауылдық округінің Барқытбел, Некрасовка ауылдарында ірі қара мал арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 3 тармағы, «Ветеринария  туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-1 бабының  7-ші тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариалық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 11 мамырдағы № 81 ұсыныс негізінде, ШЕШТІМ:

  1. Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің Барқытбел ауылының жеке меншіктен жинап бағып отырған «Қой асу» учаскесінде орналасқан бақташы Юсупов Бауыржанның және «Байпақ» учаскесіндегі бақташы Жаксыбаев Өнердің гуртеріндегі мүйізді ірі қара малдары бруцеллез індетінен қолайсыз деп жариялап, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  2. Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің Некрасовка ауылының жеке меншіктен жинап бағып отырған «Қарасала» учаскесінде орналасқан бақташы Наурызбаев Кайрат, «Жанбай» учаскесінде орналасқан бақташы Кырыкпаев Кайрат және «Пасека» учаскесіндегі орналасқан бақташы Баужанов Қайраттың гуртеріндегі мүйізді ірі қара малдары бруцеллез індетінен қолайсыз деп жариялап, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақтарға ветеринарлық-санитарлық әл-ауқаты жақсарту үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдай қол  жеткізу  үшін қажетті ветеринариялық санитарлық  жұргізу  ұсынылсын.
  4. «Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің  Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді  ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Барқытбел  ауылдық 

округінің  әкімі                                                                            А. Толыкбаев  

Барқытбел ауылдық округінің Барқытбел, Некрасовка ауылдарында ірі қара мал арасында бруцеллез індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
11 мая 2022