Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2022 жылғы 25 сәуірдегі № 64 ұсынысы негізінде, Мақаншы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округіне қарасты «Сарыбұлақ» учаскесіндегі Д.Конырбаевтың табыны, «Жалғызтал» учаскесіндегі К.Кенесбаевтың табыны, «Қарадөң» учаскесіндегі А.Ахметовтың табыны, «Сағди» учаскесіндігі З.Ташкенбаевтың табыны, «Пушкай» учаскесіндігі С.Чайроковтың табыны, «Текежан» учаскесіндігі З.Абылханованың, С.Текежановтың, Ж.Мамырбековтың табындары, «Канал» учаскесіндігі Д.Кусмановтың табыны, «10 км» учаскесіндігі К.Уасилованың, Т.Нугмановтың табындары, «Комплекс» учаскесіндегі Б.Чагировтың табыны, «Құнанжал» учаскесіндігі К.Тауырбековтың ірі қара табыны малдары арасында бруцеллез індетінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық әл-ауқатты жақсарту үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық санитарлық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
- «Үржар ауданы Мақаншы ауылдық округінің Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаншы ауылдық округінің әкімі С.Калиев