Көлденең ауылдық округінің Көлденең ауылында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллёз індеті тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 3 тармағы, «Ветеринария  туралы»Қазақстан Республикасы Заңның 10-1 бабының  7-ші тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариалық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 07 сәуірдегі № 51 ұсыныс негізінде, ШЕШТІМ:

1.Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең ауылдық округінің Көлденең ауылында мүйізді ірі қара малдары арасында бруцеллёз індетінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

2.«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық әл-ауқатты жақсарту үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық  қолайлы жағдайға  қол  жеткізу  үшін қажетті ветеринариялық санитарлық  іс-шаралар жүргізу  ұсынылсын.

3.«Үржар ауданы Көлденең ауылдық округінің Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің  Қазақстан  Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2)осы шешімді  ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Көлденең  ауылдық  округінің  әкімі                                          С.Истемесов  

ШЕШІМ
Дата публикации
19 апреля 2022