«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 3 тармағы, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңның 10-1 бабының 7-ші тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариалық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының 2022 жылғы 8 сәуірдегі №46 ұсыныс негізінде, ШЕШТІМ:
1. Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы Малақ ауылдарында ұсақ мүйізді малдары арасында бруцеллёз індетінің пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизотиялық ошақта ветеринарлық-санитарлық әл-ауқаты жақсарту үшін қажетті ветеринарлық-санитарлық қолайлы жағдай қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық санитарлық жұргізу ұсынылсын.
3. «Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Науалы ауылдық округінің әкімі У.Сарсембаев