Үржар ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

ЖОБА

 

     

Үржар ауданында коммуналдық  

көрсетілетін қызметтерді ұсыну

Қағидаларын бекіту туралы

       

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына және "Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы"  Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушысының № 249 бұйрығына сәйкес Үржар аудананының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Үржар ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну Қағидалары бекітілсін.
  2. Үржар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • Осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталонды бақылау банкінде ресми жариялауды;
  • Осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Үржар ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Үржар ауданы әкімінің орынбасары Д. Хамитовқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Үржар ауданының әкімі                                                              Н. Тоқсеитов

Қаулы жобасы
Дата публикации
13 апреля 2022