Құрметті Даниал Кенжетайұлы!
Ардақты ағайын!
Үржар ауданында 2021 жылы атқарылған, 2022 жылға жоспарланған жұмыстар туралы қысқаша баяндап беруге рұқсат етулеріңізді сұраймын.
Өткен 2021 жыл Үржар ауданы үшін айтарлықтай жетістіктерге толы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан кешенді шаралар мен мемлекеттік бағдарламалардың ауданымыздың әлеметтік - экономикалық дамуына оң нәтиже берді.
Президентіміздің «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ» ҚҰРУ ҮШІН ТҮСІНІКТІ ӘРІ ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТ ЖҮРГІЗІЛУІ КЕРЕК» деген сөзі баршамызға алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруға серпін беретініне нық сенімдіміз.