Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 12-174/VII « Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы »шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жоба

 

Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы

 30 желтоқсандағы № 12-174/VII « Үржар

 ауданы Барқытбел ауылдық округінің 2022-2024

жылдарға арналған бюджеті туралы »шешіміне

өзгеріс енгізу туралы

 

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы           №    -      /VII «2022-2024 жылдарға арналған Үржар ауданының  бюджеті туралы» Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №12-162/VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 25994 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Үржар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Үржар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы №12-174/VII «Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

 1 тармақ келесі  редакцияда жазылсын:

 «1. Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті келесі көлемдерде бекітілсін:

       1) кірістер – 39 098,0 мың теңге, соның ішінде:

     салықтық түсімдер – 3 056,0 мың теңге;

            салықтық емес түсімдер - 0,0 мың теңге;        

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;         трансферттер түсімі – 36 042,0 мың теңге;

       2) шығындар – 39 829,9 мың теңге;        

       3) таза бюджеттік кредиттеу - 0,0 мың теңге;        

       бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге;        

 бюджеттік кредиттерді өтеу - 0,0 мың теңге;        

        4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге;        

 қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;        

 мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;       

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0,0 мың теңге;       

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0,0      мың теңге;

қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 0,0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 731,9 мың теңге; аталған шешімнің  қосымшасы осы шешімнің  қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

        Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

   

  1. Лауазымы    Аты-жөні  
ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Дата публикации
11 марта 2022