Үржар ауданы облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағытындағы ірі аудандардың бірі. Жалпы 27 ауылдық округтің 53 елді мекенінде 70 844 тұрғын бар, барлық жер көлемі – 2 341 372 гектар.
Ауыл шаруашылығы.
2021 жылы барлығы 101 234,5 млн.теңгенің ауыл шаруашылық өнімдері өндіріліп, 2020 жылмен салыстырғанда 123,7 %-ға өсті. Егістік көлемі 187 164,8 гектарды құрап, 101,4 %-ға немесе 2 499,0 гектарға артты.
2021 жылы барлығы 107,2 мың тонна дәнді дақылдар, 92,6 мың тонна майлы дақылдар жиналды.
78 шаруашылық жалпы құны 2 025,6 млн. теңгеге барлығы 183 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алынды.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру: 2021 жыл 2020 жылмен салыстырғанда өндірілген ет көлемі (24 774,4 тоннаны), 105,0 %-ға, сауылған сүт (89 741,2 тонна) 102,0 %-ға көбейді.
Аудан ірі қара мал саны 112 814 басты (өсуі 102,2 %), оның ішінде сауын сиырлар – 60 583 бас (өсуі 102,0 %), жылқы – 33 479 басты (өсуі 105,0 %), қой мен ешкі – 196 597 басты (өсуі 101,6 %).
Ауданның шаруашылық құрылымдары «Агробизнес», «Сыбаға», «Іскер» тағы басқа бағдарламалар бойынша қаржылық институттардың барлығы 631,4 млн.тенге жеңілдетілген несие алып, ауданға 1 192 бас ірі-қара, 100 бас жылқы және 1 129 бас қой сатып әкелінді.
2021 жылы агроөнеркәсіптік кешенін дамыту және ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында мемлекет тарапынан барлығы – 1 433,2 млн. теңге субсидия төленді.
Соның ішінде:
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту шеңберінде 333,0 млн. теңге;
- минералды тыңайтқыштар сатып алған шаруашылық құрылымдарына 183,9 млн. теңге;
- әр түрлі гербицидтерді сатып алып пайдаланған шаруашылықтарға 53,3 млн. теңге;
- жоғары сорттық сапалы тұқымдарды сатып алған шаруашылық құрылымдарына 78,6 млн. теңгеге субсидия;
- инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу бағдарламасы аясында алынған техникалар үшін 784,4 млн. теңге субсидия қаражаттары төленіп берілді.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бағыты шеңберінде өндіріске қажетті инфроқұрылым жүйесін тарту үшін Қаратұма ауылының «Балатөбе» учаскесінде «UrdzharAgroKompani» ЖШС-і базасында айналдыра суғару жүйесін еңгізу үшін (895,8 млн.теңге), Қарабұлақ ауылында «Саят» ШҚ-на электр желісін тарту үшін (142,2 млн.теңге) қаражат бөлініп, жоспарланған жұмыстар орындалды.