«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты, ШЕШТІ:
- Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 қазандағы № 55-713/VI «Үржар ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 20 қазанда № 7703 болып тіркелді) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.